\documentclass{article}
\usepackage[T2A]{fontenc}
\usepackage[utf8]{inputenc}
\usepackage[kazakh]{babel}


\begin{document}

\selectlanguage{kazakh}

Үйге екі адам екі жағынан қолтықтап Оспан-Қожаны алып кірді. Дәйекші бұрын да шыр бітпеген арық болатын. Сол себептен кейде оны жұрт Инелік деп атайтын. Он жылдан бері тарамыс денелі Инелікке хан көзі қанша үйренгенмен, мына алдында тұрған селеуіттен шошып кетті. Иә, бұл адам емес, адамның селеуіті еді. Арса-арса сүйегіне құр терісі жабысқан, көзін біреу ойып алғандай шүңірейіп кеткен. Құдық түбінде жылтыраған су тәрізді, сонау көз түбіндегі тереңде бірдеме жылтырайды. Екі ұрты ұзақ аурудан қайтыс болған адамның ұртындай қушиып біткен. Жағы жағына тиіп жатыр...

Үйге екі адам екі жағынан қолтықтап Оспан-Қожаны алып кірді. Дәйекші бұрын да шыр бітпеген арық болатын. Сол себептен кейде оны жұрт Инелік деп атайтын. Он жылдан бері тарамыс денелі Инелікке хан көзі қанша үйренгенмен, мына алдында тұрған селеуіттен шошып кетті. Иә, бұл адам емес, адамның селеуіті еді. Арса-арса сүйегіне құр терісі жабысқан, көзін біреу ойып алғандай шүңірейіп кеткен. Құдық түбінде жылтыраған су тәрізді, сонау көз түбіндегі тереңде бірдеме жылтырайды. Екі ұрты ұзақ аурудан қайтыс болған адамның ұртындай қушиып біткен. Жағы жағына тиіп жатыр... Тозығы жетіп, бүрісе қалған кәрі беті тиіп кетсең жыртылғалы тұр. Ал бұдан көп жыл бұрын... жоқ, жоқ. Әбілқайыр хан өткен күндерде өзіне жақсылық істеген адамдардың қызметін есіне түсіргісі келмейді. Әр нәрсе өз кезінде. Өткеннің бәрін есіңе түсіре берсең... бүгінгіге не қалады? Кеше жақсылық істесе, бүгін жамандыққа барып отыр. Әр іс өзінің мезгілінде деп бағалануы керек. Өткен жақсылықпен қазіргі жамандықты жапсам хан бола алар ма едім? Иә, он жеті жасар Әбілқайыр Орда-Базарда хандық құрып отырған Жұмадүктің қолында тәлім-тәрбие алып, әскер басқаруды, ел билеуді үйренді ғой. Он алты жасқа келгенде сол кездегі бүкіл Дәшті Қыпшақ руларын басқарып, Жұмадүк ханның оң қолы болған, Маңғыт руынан шыққан атақты Едіге батырдың баласы, Ақсақ Темір ұрпақтарына бүйідей тиген Қазы биді өлтірді. Әрине оны бұл жалғыз өзі өлтірген жоқ, Қазыға қарсы әмірлер мен сұлтандарды жинап, солармен бірге бауыздады. Жұмадүк ханның қаһарынан қорқып соңынан ерген Дәшті Қыпшақтың біраз әскерімен өзінің туған шаһары Тараға қашты. Артынан жетпіс мың әскермен қуып шыққан Жұмадүк ханмен қан майданда бетпе-бет кездесіп, оның басын алды. Содан бері Әбілқайыр өзіне жақсылық істеген, талай қиын-қыстау қатерлі өткелдерден алып шыққан, бірақ артынан сәл мүлт басқан талай серіктерін оп-оңай су түбіне жіберді емес пе? Осындай қанқұйлы болмасаң, хан тағында отыра алмайсың. Өзгеге аяушылық еткен Ұлықбек не болды? Ақырында өз баласының қолынан ажал тапты. Жоқ, алтын таққа ие болғың келсе, жолыңды кесіп өтерін білсең, туған балаң болса да аяма. Айдаладағы бір дәйекші сөз бе екен? Алтын тақ пен аяушылықтың бірі бар жерде, екіншісі өмір сүре алмайды.

\par

Оспан-Қожаның бір жақсылығы ұмытылған тарих. «Ал, қазір сенің білетінің оның жаңа тарихы — істеген қастығы. Жақсылығы үшін дер кезінде сен де оған жақсы қарағансың, ал жамандығы үшін сен енді оған жаман қарауға тиістісің! Бұл өмір заңы!»

\par

Өзімен-өзі болып кеткен ханның ойын кенет Оспан-Қожа бөліп жіберді.

— Хан ием, — деді ол тұншыға қырылдай сөйлеп, — егер сен қазір мені босатсаң, бәрібір мен саған рақметімді айтпаймын. Енді менің күнім біткен. Алла-тағаланың жазғанын ешбір хан бұза алмайды, ал менің көп болса бір жұмалық тіршілігім қалды. Сенен сол бір апталық тіршілікті сұрап алғым келмейді, сен хан болсаң да... қалған күнімді одан артық ұзарта алмайсың... Қысқартам десең — еркің... Бірақ сенен сұрарым басқа...

\begin{thebibliography}{99}
\bibitem{knuth1984} Knuth D. E. \textit{The \TeX book}. Addison-Wesley, 1984.
\bibitem{liang1983} \textbf{Liang F. M.} \emph{Word Hy-phen-a-tion by Com-put-er}. Doctoral dissertation, Stanford University, 1983.
\bibitem{knuth} Кнут Д. Э. Искусство программирования. Том 1. М.: Вильямс, 2006.
\bibitem{lamport} Lamport L. \LaTeX: A Document Preparation System. Addison-Wesley, 1994.
\bibitem{kazakh} Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы: Қазақстан, 2005.
\bibitem{kazakh_dic} Қазақ сөздігі. Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі. Құраст.: Н.~Уәли, Ш.~Құрманбайұлы, М.~Малбақов, Р.~Шойбеков және т.б. Алматы, «Дәуір» баспасы, 2013. 1488~бет.
%\bibitem{example} Пример статьи // Журнал примеров. — 2020. — № 3. — С. 45–67.
\end{thebibliography}

\end{document}


әіңғүұқөһ
ӘІҢҒҮҰҚӨҺ
\cyrschwa\cyrii\cyrndsc\cyrghcrs\cyry\cyryhcrs\cyrkdsc\cyrotld\cyrshha
\CYRSCHWA\CYRII\CYRNDSC\CYRGHCRS\CYRY\CYRYHCRS\CYRKDSC\CYROTLD\CYRSHHA

